Енді Мемлекеттік кеңесші лауазымы болмайды
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспары бар екенін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл шешім мемлекеттік басқару жүйесін ықшамдау және аппараттық құрылымдарды оңтайландыру аясында қабылданып отыр.
«Қолданыстағы Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін бірқатар аппараттық құрылыммен бірге Мемлекеттік кеңесші лауазымы да қысқартуға жатады», деді Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде.