Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

0 9

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының даңқты батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына Президент атынан айрықша мемлекеттік марапаттар – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордендері табыс етілді.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бұл марапаттың маңыздылығына тоқталып, Бауыржан Момышұлының халық санасында тек батыр ғана емес, ерлік пен қаһармандықтың символына айналған тұлға екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі оның халқымыз үшін айрықша маңызын тағы бір мәрте айқындады. Сонымен қатар, көптен күткен тарихи әділдіктің орнағанын айтты.

Ерлан Қарин Бауыржан Момышұлының өмірі мен қайсар рухы жас ұрпақ үшін үлкен үлгі екенін ерекше атап өтті. Оның ерлікке толы өмір жолы Қазақстандағы батырлық дәстүрді дәріптеудің айқын көрінісі болып саналады.

Айта кетейік, 2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Жамбыл облысына ресми сапары барысында даңқты батырға «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл шешім елімізде тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды қадамы ретінде бағаланып отыр.

Бауыржан Момышұлының есімі мен ерлігі – тек соғыс жылдарының ғана емес, бейбіт өмірдің де құндылығы. Оның өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мәңгілік мұра болып қала береді.