Жұлдыз жорамал: 1 — 7 желтоқсан аралығы

0 10

Тоқты

Бұл аптада жұмыста белсенділік артып, бұрын шешімін таппаған тапсырмалар қайта талқылануы мүмкін. Бастамашыл болу сізге қосымша мүмкіндік әкеледі. Қаржыда тұрақты кезең, бірақ үлкен шығындардан сақ болыңыз. Инвестиция жасауға бейім болсаңыз, жақсылап тексеріп алыңыз. Жұма күні күтпеген табыс немесе бонус түсуі ықтимал. Аптаның ортасында шаршау сезімі болуы мүмкін. Су ішуді көбейтіп, ұйқы режимін қалыпқа келтіріңіз. Жұптағылар үшін жылы, түсіністікке толы кезең. Жақсы әңгімелер қарым-қатынасты нығайтады.

Торпақ

Сабыр мен жүйелілік қажет апта. Кейбір кідірістер сізді ашуландыруы мүмкін, бірақ асығыстық қажет емес. Бастықтармен келіссөз үшін бейсенбі қолайлы. Қаржыда үнемдеу режимін сақтаған дұрыс. Күтпеген, кішігірім шығындар болуы ықтимал. Сондықтан да ұлкен сатып алуды кейінге қалдырыңыз жөн. Денсаулықта иммунитеттін әлсіреу қаупі бар. «С» дәрумені, жылы киіну және дұрыс тамақтану маңызды. Отбасында кейбір жағдайларға байланысты пікір қайшылығы болуы мүмкін, бірақ тез шешіледі. Жалғыз Торпақтар бұрынғы досымен қайта байланысуы мүмкін.

Егіздер

Бұл апта Егіздерге шабыт пен сергектік сыйлайды. Шығармашылық идеялар көп, бірақ реттеу қиын болуы мүмкін. Сол себепті, мақсаттарды алдын ала нақтылап алған жөн. Жұмыста әріптестерден көмек сұрау тиімді. Қосымша табыс көзі пайда болу ықтималдығы жоғары. Интернет арқылы жасалатын жобалар сәтті жүзеге асады. Дегенмен, қаражатты дұрыс бөлуді ұмытпаңыз. Денсаулықта асқазан мен жүйке жүйесіне мән беріңіз. Демалыс пен тыныштық керек. Флирт пен романтика кезеңі. Бұл апта үйлесімді қарым-қатынас орнатуға қолайлы уақыт.

Шаян

Жауапкершілігі жоғары істер күтіп тұр. Жаңалық енгізу немесе жұмыс орнындағы өзгерістер болуы мүмкін. Сіздің пікіріңіз маңызды болады. Апта тұрақты, жаңа келісімшартқа қол қоюға қолайлы. Жақын адамыңыздан материалдық қолдау болуы мүмкін. Энергияңыз жоғары, бірақ эмоциялық шаршау қаупі бар. Табиғатта серуендеу пайдалы. Отбасы мен жеке өмірге көбірек көңіл бөлген жөн. Әріптесіңізбен терең әңгіме күтіледі, бұл қарым-қатынасты нығайтады. Жалғыздар үшін кездейсоқ таныстық ерекше әсер қалдырады.

Арыстан

Өзіңізді көрсетуге тамаша уақыт. Әлеуметтік және кәсіби ортада беделіңіз өседі. Басшылық сіздің белсенділігіңізді байқап, еңбегіңізді бағалайды. Жаңа бастамадан қорықпаңыз. Табысыңыз артуы мүмкін. Дегенмен, асығыс шешім қабылдамағаныңыз да жөн. Сыйлықтар немесе ақшалай қолдау болады. Дене күшін артығымен жұмсамаңыз. Жүрек пен қан қысымына мән беріңіз. Жеке өмірде романтикалық кезең басталады. Кездесулер көп. Серігіңіз сізге ерекше көңіл бөледі. Жалғызбасты Арыстандар елеулі адаммен жолығуы мүмкін.

Бикеш

Аптаңыз нақты жоспарлауға, істерді реттеуге және нәтиже шығаруға бағытталады. Тәртіп пен ұйымдастыру арқылы үлкен нәтижеге жетесіз. Құжаттарға мұқият болыңыз. Жұмақтай тыныш, бірақ өнімді апта. Қаржы жағы шағын, десе де тұрақты табыс. Қарыз бермеу ұсынылады. Асқорыту жүйесі сезімтал. Артық қышқыл, майлы тағамдардан аулақ болыңыз. Отбасында өзара түсіністік пен сабыр қажет. Қарым-қатынаста салқындық болуы мүмкін, десе де ашық сөйлесу бәрін реттейді. Жалғызбастылар үшін интернет арқылы таныстық сәтті болмақ.

Таразы

Креативті идеялар жоғары бағаланады. Командалық жұмыс жақсы нәтиже береді. Апта соңында күтпеген жаңалық болуы ықтимал. Көптен бері шешілмей жүрген мәселе оңтайлы шешімін табады. Қаржыда тұрақсыздық болуы мүмкін. Сол себепті, қажетсіз шығыннан бас тартыңыз. Денсаулықта тыныс алу жолдарына мән беріңіз. Суық тигізіп алмаңыз. Жеңіл спорт пайдалы. Қарым-қатынасқа романтика мен шынайылық қосыңыз. Серігіңіз сізден назар күтіп, сезімдер күшейеді. Бойдақ Таразылар жаңа махаббатты күтпеген жерден кездестіреді.

Сарышаян

Бұл аптада сізге барлық мүмкіндік ашылады. Сарышаяндар өз күшін сезінетін, сенімділік арта түсетін уақыт. Жаңа бастамалар қолдау табады. Құпия ақпаратқа абай болыңыз. Жақсы табыс, бірақ инвестицияны ұзақ мерзімді жоспарға бағыттаңыз. Психологиялық шаршаудан сақтаныңыз. Йога, тыныс алу жаттығулары көмектеседі. Сезім күшейеді. Егер сүйіктіңіз болса, араларыңыз жақындай түседі. Бойдақ Сарышаяндарға тағдырлы кездесу жолығып, күтпеген жаңа сезімге берілуі мүмкін. Жалпы махабатта құмарлық артады.

Мерген

Апта жаңа мүмкіндіктер мен сапарларға толы. Жақын күндері саяхат немесе іссапар күтіледі. Оқыту, жаңа білім алу маңызды рөл атқарады. Жаңа идеялар сәтті іске асады. Табысыңыз тұрақты. Шағын пайда не қосымша табыс көзі пайда болады. Ескі борышты қайтаруға жақсы уақыт. Денсаулық жағдай жалпы жақсы. Арқа мен белге салмақ түсірмеуге тырысып, ұйқыны реттеңіз. Махаббата ұзақ жоспарлар туралы әңгіме қозғалады. Қарым-қатынаста тұрақтылық күшейеді. Көптен бері жалғыз жүрген Мергенге махаббат есігін қағуы мүмкін.

Тауешкі

Көп еңбекті қажет ететін апта. Бірақ, нәтиже сізді қуантады. Басшылық сізге жаңа міндет жүктеуі мүмкін. Сізге жүктелген міндеттер көп, бірақ бәріне үлгересіз. Кәсіби салада тұрақтылық байқалады. Қаржы мәселесінде үнемшілдік қажет. Бірақ, апта соңында жақсы табыс бар. Бел, сүйек, буын мәселелері болуы мүмкін. Денсаулыққа көңіл бөліп, жаттығуды дұрыс жасаңыз. Махаббатта сабырлылық пен эмоциялық тұрақтылық қажет. Сүйіктіңізбен жылы әңгіме орнаса, арадағы сенім артып, бәрі реттеледі.

Суқұйғыш

Апта шығармашылық пен жаңа идеяларға толы. Топпен жұмыс тиімді өтеді. Идеяларыңыз тың және ерекше. Апта ортасында жаңа серіктестік пайда болуы мүмкін. Қосымша табыс немесе бонустар болуы мүмкін. Бірақ, ақшаны орынсыз шашпаңыз. Көзге, бас ауруларына мән беріңіз. Экранға қараудан демалыс жасаңыз. Романтика мен қызықты кездесулерге толы апта. Махаббатта жан серігіңіз сізге ерекше қолдау көрсетеді. Бойдақ Суқұйғыштар жаңа адаммен танысып, ерекше әсер алады.

Балықтар

Шығармашылық саласы ерекше жол ашады. Интуицияңыз күшейеді. Қиын мәселелердің шешімін оңай табасыз. Сізге сеніп тапсырылған істі мінсіз орындап шығасыз. Қаржылық мүмкіндіктер артады. Бірақ, эмоциямен сатып алудан сақ болыңыз. Апта соңында шағын инвестиция жасау немесе ақшаны жинаққа салу тиімді болмақ. Энергияны дұрыс бөліңіз. Ұйқы маңызды. Су элементімен (жүзу, душ) демалу пайдалы. Романтика күшейеді. Апта махаббатқа толы өтеді. Жұптағылар үшін ерекше жылы кезең. Жалғыздар жүрегін жаулайтын адаммен кездесу мүмкін.