Қатерлі дерт: оның алдын алу мен емделу

0 5

1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған 2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін «АИТВ-ға қарса күрестегі қиындықтардан — тиімді өзгерістерге» атты тақырыпта компания өткізіліп жатқан тұста біздің орталықтың атқарып жатқан жұмыстары және алда тұрған міндеттері жайлы сөз етуді жөн көрдік.

Жұқтырылған иммун тапшылық синдромының (ЖИТС) алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық орталығы 1989 жылғы 29 қазанда құрылды. 1990 жылы орталықтың құрамына 1988 жылдан бастап қандағы антиденелердің және адамның иммун тапшылығы вирусының бар-жоғын зерттеумен айналысатын «химиктер» ауруханасының иммунологиялық            зертханасы кірді.  Орталықты Рамиль Перзадаев ұйымдастырып, 1989 жылдан 1996 жылға дейін бас дәрігер болып еңбек етті.

Аса қатерлі жұқпалы дерт облысқа былай келді. 1990 жылы облыста оқып жүрген Зимбабве Республикасының азаматынан АИТВ-инфекциясының бірінші жағдайы анықталады.

1992 жылы Облыстық ЖИТС орталығының базасында Мәскеу ЖИТС орталығының, Новосібір вакциналар мен сарысулар ҒЗИ-нің, Қазмэби және ҚМЭБИ Орта Азия обаға қарсы күрес институтының және облыстық ЖИТС орталықтары басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша II- конференция өткізілді.

Облыстық ЖИТС орталығында барлығы 123 адам жұмыс істейді, оның ішінде: дәрігерлер – 28, жоғары медициналық емес білімі бар – 15, орта медицина қызметкерлері – 45, кіші медициналық персоналдар 9 жеке тұлға, басқалары – 26 жеке тұлға. Орталық құрамында барлығы 8 бөлім жұмыс істейді. Ұйымдастыру-әдістемелік, есеп-санақ, АИТВ-індетін компьютерлік қадағалау, АИТВ-індетін эпидемиологиялық қадағалау, емдеу-алдын алу бөлімі;  сенім және шприц алмастыру пункті, достық кабинеті, иммуноферментті талдау зертханасы (ИФТ).

Облыстық ЖИТС орталығы денсаулық сақтау субъектісі болып табылады және АИТВ-індеті мен ЖИТС-тің алдын алуды, диагностикасы мен емін және төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:

1) өңірде АИТВ-індетінің алдын алу, диагностикасы мен емі бойынша іс-шаралардың үйлестірілуін жүзеге асырады;

2) жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен, әртүрлі ведомстволармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, АИТВ індеті бойынша алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;

3) АИТВ індеті мен оның таралуына эпидемиологиялық мониторингтің ұйымдастырылуын және өткізілуін, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларға талдауды жүзеге асырады;

4) АИТВ індеті мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқытады, медициналық ұйымдардың персоналдары мен науқастарының АИТВ індетін жұқтырудың алдын алу бойынша кеңестік көмек көрсетеді;

5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты АИТВ індетінің таралу жолдары мен алдын алу жайында ақпараттандырып, халықтың әртүрлі топтарына ақпараттық материалдардың әзірленіп, таралуын жүзеге асырады;

6) АИТВ-жұқтырылғандарға тегін медициналық көмектік кепілді көлемі аясында медициналық көмектің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

7) көрсеткіштер болған жағдайда қатынастан кейінгі антиретровирусты терапияға халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

8) АИТВ-індетінің анадан балаға берілу қаупін төмендету бойынша алдын алу іс-шаралары бар.

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Облыс әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы арасындағы АИТВ инфекциясы  және дерматовенерология жөніндегі мақсатты индикаторларды қамтамасыз ету бойынша меморандум бекітіліп, ол 2025 жылдың 9 айында 100 пайызға орындалды.

Мәселен, Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру «Жол картасының» орындалуы бойынша да біраз іс-шаралар жүзеге асырылуда. АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру тұрақты жүргізіледі. Жылына екі рет ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу және ЖИТС-ке қарсы күрес күні аталып өтеді. Жұмыс әлеуметтік желілерде, орталық сайтында қызметкерлердің барлық мекемелерге шығуы, бейнероликтерді ротациялау, ақпараттық білім беру материалдарын тарату, өңірлік және республикалық басылымдарда жарияланымдар түрінде жүзеге асырылып келеді. 2025 жылдың 9 айының қорытындысында барлығы 12444 адам қамтылса, білім мекемесінде 66 кеңес өтіп, 5733 адам қатысқан. Бизнесте — 2902153 адам, полиция мен қылмыстық атқару жүйесінде — 291184 адам, медициналық мекемелерде — 532636 адам, әскери қызметкерлері – 6 кеңес, 738  адам, басқа – 1680  ИФА тестілеу, 293 экспресс-тестілеумен адам қамтылды, 12372 ақпараттық білім беру құралдары таратылды.

2025 жылға арналған АИТВ-ның алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтар үшін нысаналы индикаторлар бекітіліп, орындалуда. Нысаналы индикаторларға келесі көрсеткіштер жатады — 15-49 жас тобында АИТВ-ның таралуы, жұқтырмаған 1000 тұрғынға шаққанда АИТВ жұқтырған жаңа тұрғындардың анықталуы, парентеральді берілу жолымен анықтау құрылымында АИТВ жұқтырған жаңа адамдардың үлесі, халықты АИТВ инфекциясына тексерумен қамту, АИТВ-ға байланыста болған тұлғаларды тестілеумен қамту, жүкті әйелдерді АИТВ-ға тексерумен қамту, антиретровирустық терапия алатын АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қамту, АИТВ-мен өмір сүретін, инъекциялық есірткі қолданатын, диспансерлік есепте тұрған адамдарды антиретровирустық терапиямен қамту, ЖИТС-пен байланысты себептерден қайтыс болған адамдардың жалпы санын қамту және тағы басқалар.

ЖИТС орталығы тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ жұқ­тырғандарға және ЖИТС-пен ауы­ра­тын­дарға мамандандырылған амбу­ла­ториялық-емханалық медицина­лық көмек көрсетеді және дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз етеді. Орталық мамандары АИТВ-пен тіркелінген ауруларды диспансерлік тізімге алып, қадағалап отырады. ЖИТС орталығының емдеу бөлімі орналасқан ғимаратта тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген көлемі тізбесі және дәрі-дәрмек топтамасы туралы хабарландырулар ілінген. Орталықтың ресми «веб-сайтына»  жарияланған. Сонымен қатар, жастар арасында, халық арасындағы қауіпті топтар құрайтын нашақорлар, жезөкшелер мен гомосексуалдар ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жұғу жолдарын ескерту үшін ине, мүшеқап тарату және де басқа да іс-шаралар өткізу үшін «Достық кабинеті», «Сенім» пункті және жылжымалы сенім пункті бар, осы кабинеттерде анонимді тексеріліп, жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардан ақысыз емделуге болады.

2025 жылдың 9 айындағы жағдай бойынша облыстағы түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасында 73 адам АИТВ-мен тіркелген, АИТВ инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу хаттамасына     сәйкес,           ретровирусқа қарсы терапияға клиникалық-иммунологиялық көрсеткіштері бар АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың барлығы антиретровирустық терапиямен қамтылады.

Түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды ЖИТС орталығы инфекционист дәрігерлер хаттамаға сәйкес, жылына 1-2 рет бақылап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, 4920 мүшеқап таратты. 2025 жылдың 9 айының қорытындысында арнайы контингентті тексеру мәселелері бойынша пенитенциарлық мекемелердің медициналық бөлімдері үшін оқыту семинарлары өткізілді — 6 семинар, қамтылғаны — 52 медицина  қызметкері.

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы халықтың денсаулығын нығайту, дұрыс өмір салтын қалыптастыру және АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында цифрлық ақпараттық ресурстарды кеңінен қолдануда. Орталықтың ресми «веб-сайты», сондай-ақ «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары бар. Аталған платформаларда жыл басында бекітілген медиа-жоспар аясында және жоспардан тыс АИТВ/ЖИТС тақырыбында ағартушылық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған мақалалар, түсіндіру сипатындағы бейнематериалдар, сондай-ақ акциялар, семинарлар, оқыту тренингтері және түрлі ақпараттық іс-шаралар туралы хабарламалар тұрақты түрде жарияланып отырады.

Тұрғындарға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде сенімді ақпарат жеткізіледі, сондай-ақ тестілеу, стигма мен дискриминацияға қарсы күрес секілді маңызды бағыттар қамтылады. Бұл тәсіл әсіресе, жастар мен цифрлық ресурстарды белсенді пайдаланатын аудитория арасында саламатты өмір салтын насихаттауға оң ықпал етуде.

Облыстық ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясын жұқтырған емделушілерден алынған қан сынамаларына диагностикалық зертханада иммуноферментік талдауға (ИФТ) арналған «BioRad» анализаторы, иммунохемилюменисцентті талдауға (ИХЛТ) арналған автоматтандырылған «ARCHITECT i2000 SR» және «Vitros-3600» анализаторларымен АИТВ АГ/АТ анықтау диагностикасы жасалынады. Диагностикалық зертханада талдаулар мен зерттеулер соңғы ғылыми-технологиялық және заманауи технологиялық құрылғылармен жасалынады. Талдауларды соңғы әдістің сынақ жүйелерімен жасайды. Бір күнде 1000-ға дейін талдау жасалынады.

АИТВ инфекциясынан басқа, орталықта тіркеуде тұрған емделушілерге  гепатит вирусының «В» және «С» түрлері, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, сонымен қатар, иммунологиялық, серологиялық, биохимиялық және жалпы клиникалық зерттеулер жасалынады. Орталықта тіркеуде тұрған емделушілердің күн сайын қабылдап отырған антиретровирусты терапия (АРТ) емін мониторингін есепке алу үшін қан сынамаларынан вирустық жүктемені анықтайды, ол үшін ол қан сынамасына кореялық озық технологиямен жабдықталған «BioNeer» аппаратымен полимеразды тізбекті реакция зерттеулері (ПТР) жүргізіледі.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қан сынамаларынан «CD4» клеткаларын автоматты түрде анықтауға арналған «BD FACSLyric» цитофлуориметр аппаратымен жабдықталған. Сондай-ақ автоматтандырылған гематологиялық «Гемаскрин» анализаторы,  автоматтандырылған биохимиялық «Dirui CS-T240» анализаторы және жалпы клиникалық зерттеулерге арналған анализаторлармен жұмыс жасалынады.

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде біздің республикамыздың өңірлерінде де ауқымды ақпараттық-ағартушылық және алдын алу іс-шаралары дәстүрлі түрде өткізіледі. Науқан аясында Жамбыл облысында түрлі форматтағы кездесулер, форумдар, интерактивті кездесулер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, сондай-ақ колледж студенттері арасында волейбол және футболдан облыстық турнирлер, дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылатын болады. Мұндай іс-шаралар жастардың белсенділігін арттыруға, АИТВ инфекциясының алдын алу мәдениетін қалыптастыруға және саламатты өмір салтына бейілділікті дамытуға ықпал етеді.

Науқанның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының, ЖЖБИ мен басқа да аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын дамыту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және саламатты өмір салтын насихаттау.

Жамбыл облысында науқанның ресми ашылуы 10 қараша күні облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының конференц-залында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті. Іс-шараға өңірлік телеарналар мен БАҚ өкілдері шақырылып, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап ала алды.

Медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша қаражатын бопсалау фактісіне, сондай-ақ егер  медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа да мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз. Науқастың құқықтарын қорғау мақсатында облыстық ЖИТС орталығының «сенім телефоны» жұмыс жасайды. «Сенім телефонының» нөмірі — 456532. Сенім телефонының жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Сондай-ақ медициналық ұйым сайтының бірінші басшысының блог-платформасына өтініш жібере аласыз. Емдеу бөлімі ғимаратында шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау жәшігі орналасқан. Орталық Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 64 «г» мекенжайында орналасқан.

                Бағлан ҚЫДЫРБАЕВ,

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының бас дәрігері.

Тараз қаласы.