Түнде жарқырайтын саңырауқұлақ
Табиғатта өз жарығын өзi шығаратын саңырауқұлақтар бар. Олар түнде жасыл не сары түсте әлсіз жарық шығарады. Бұл құбылыс ежелден адамды таңғалдырып келеді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл – люминесценция. Саңырауқұлақ ішіндегі арнайы фермент жарық шығаратын реакция тудырады. Мұндай жарқыраудың бірнеше міндеті бар: жәндіктерді тарту, спора тарату, сондай-ақ саңырауқұлақты зиянкестерден қорғау. Түнгі ормандағы әлсіз сәуле кездейсоқ емес – тіршілік үшін жасалған ерекше бейімделу құбылысы. Зерттеушілер бұл табиғи жарық көзін экология, медицина, биоинженерия салаларында қолданудың жаңа тәсілдерін қарастыруда. Тірі ағзаның өз жарығын шығара алуы – табиғаттың таңғаларлық өнертабыстарының бірі.