Кішкентай қателік

0 8

Бельгияның Антверпен қаласында 2003 жылы айласына адам таңға­ларлық ұрлық жасалады. Бірақ бір ғана қателік оларды әшкере қылады.

Қылмыскерлер банк қоймасындағы жүздеген алмазды қолды еткен. Ешбір дабылды іске қосылмайтындай, барлығын егжей-тегжей жоспарлаған. Олар тіпті бейнебақылау жүйесін айналып өтіп, полицияны адастырып жіберген. Алайда мінсіз көрінген қылмыс бір бутербродтың арқасында ашылады. Ұрылардың ізін кесіп орманды аймаққа келген детективтер айғақ іздеп, салямимен жасалған бутербродтың қалдығын және жанынан түбіртегін тауып алады. Полицейлер дүкенді анықтап, сол жерден алынған бейнежазбадан Леонардо Нотарбартолоны көреді. Кейін сараптамада бутербродтан дәл сол адамның ДНҚ ізі табылады.