Жануар бейнесіндегі бағаналар

0 9

«Аустриялық энергетикалық алыптар» жобасының авторлары ел пейзажын түрлендіретін тың бастама ұсынды. Олар электр желілерінің биік бағаналарын көркем туындыға айналдырмақ.

Жобаға сәйкес Аустрияның тоғыз федералдық субъектісінің әрқайсысына рәміздік бейне беріледі. Яғни ежелгі Мысырдағыдай әр өңірдің өз жануары болады. Сол жануардың пішіні мен таби­ғаттан алынған элементтер бағанаға айналады. Авторлардың айтуынша, бұл идея табиғат пен технологияның үйлесімін көрсететін ерекше энергетикалық ландшафт қалыптастырады.