Өртті өздігінен сөндіретін роботтар
Сиэтл қаласында орналасқан «Seneca» стартап-компаниясы әлемдегі алғашқы толықтай автономды әуе өрт сөндіру жүйесін ұсынды.
Компания жасап шығарған дрондар өрт сөндіретін арнайы қоспаларды жоғары қысыммен жеткізіп, жалынды санаулы минуттарда сөндіре алады. Мұндай тәсіл өрттің кең аумаққа таралуының алдын алып, табиғи апаттардың зардабын едәуір азайтады. Жақында «Seneca» компаниясы 60 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартқан. Болашақта бұл технология толығымен дербес жүйеге айналуы мүмкін. Яғни спутниктік деректер мен аймақтық мониторинг жүйелерінің мәліметтері негізінде автоматты түрде әрекет етіп, өртті лезде сөндіретін деңгейге жетпек.