Құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары талқыланды

0 8

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaq Stroy» компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады.

Кездесу барысында құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды. Президентке компанияның негізі қаланған он жыл ішінде 55-тен астам жоба жүзеге асырылғаны жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, кәсіпорын 4,8 миллион шаршы метр тұрғын үй салған, соның ішінде 3,6 миллион шаршы метрі – әлеуметтік нысандар.

Нұрлан Артықбаев «Qazaq Stroy» азаматтарды қолдауға және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асырып жатқанын айтты. Компания жыл сайын көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 100-ден астам пәтер береді.