Түс көрудің құпиясы

0 5

Адам өмірінің шамамен үштен бірі ұй­қымен өтеді. Ал сол ұйқының 6 жыл­ға жуығы түс көруге байланыс­ты. Орташа есеппен әр адам күніне 4–6 рет түс көреді, бірақ оянған соң көбі оны есіне түсіре алмайды.

Ғалымдар түс көруді мидың ақпаратты өңдеу үдерісімен байланыстырады. REM-фаза кезінде ми белсенді жұмыс істеп, ал дене толық босаңсып, қозғала алмай қалады. Сол себепті түсте біз әрекет етіп жатқандай көрінгенмен, шын мәнінде қозғалмаймыз.

Кей зерттеулер түс көру шығарма­шылықты арттыратынын айтады. Мысалы, Эйнштейннің салыстырмалық теориясы мен Бенцтің тігін машинасы иелеріне түсінде келген идеялардың нәтижесі. Тағы бір қызық дерек адамдардың шамамен 12 пайызы тек ақ-қара түсте түс көреді екен.