Жұлдыз жорамал: 20 — 26 қазан аралығы

0 7

Тоқты

Бұл аптада бастысы — басымдықтарды дұрыс таңдау. Көп жұмысты бірдей уақытқа мақсат қылмай, бірлі-жарым маңызды іске уақыт арнаған дұрыс. Белсенділік күшейеді — табыс мүмкіндіктері болмақ. Бірақ, инвестиция мен қарызға қатысты шешімдерде алдын ала кеңес алған жөн. Сезімдер тереңдей алады. Дегенімен, сезімге еріп, асығыс шешімге бармау керек. Қозғалыс, серуен немесе жеңіл кардио жаттығулар апта бойы энергия береді. Алайда, шамадан тыс шыңдалмаған жөн. Ашулы сөздерден сақтаныңыз — кейбір жағдайларда эмоция басым болуы мүмкін.

Торпақ

Көптеген тапсырмаларды жүйелеу маңызды. Жоспар жасап, кестеге салып орындасаң жақсы нәтиже болады. Ортақ ресурстар мен инвестицияларды қайта қараған жөн. Бұл аптада шығындар көбеюі мүмкін. Қарыз немесе несие алуға асықпағаныңыз жөн. Себебі, кейін ауыртпалық болуы мүмкін. Тұрақты қарым-қатынастар күшейеді. Жаңа таныстық болса — сенім мен уақыт керек. Ас қорыту жүйесіне назар аударыңыз. Тамақ режиміне мән беріп, жаттығу жасау, таза ауада серуендеу қажет.

Егіздер

Ақпарат, коммуникация саласында аса табысты өзгерістер болуы мүмкін. Жаңалыққа ашық болыңыз. Оқу, курс немесе интернет-жоба бастауға жақсы кезең. Қаржы саласында шығындар болуы мүмкін, сондықтан алдын ала барлығын жоспарлаған дұрыс. Сондай-ақ сөз бұрмаланбауы үшін жазбаша хабарламаларда мұқият болған дұрыс. Махаббатта әңгімелер мен сөздер маңызды рөл атқарады — шындықты айтуға дайын болу керек. Денсаулыққа да мән беруді ұмытпаңыз. Жүйке жүйесін тыныштандыруға бағытталған әдістер – медитация, тыныс жаттығулары.

Шаян

Топтық жобалар сіз үшін тиімді болмақ. Қолда болмаған табыс көздерін іздеңіз. Бірақ, келісімге дейін шарттарды оқып алуды ұмытпаңыз. Қаржылық ұсыныстарға көз жұмсаңыз кейбіреуі зиян келтіруі мүмкін. Отбасы, үй мәселелерінде шешімдер табу мүмкіндігі туады. Махаббатта арнайы көңіл бөлген, сезім айтудан қысылмаған жөн. Эмоциялық жағынан шаршау болуы мүмкін — тыныс жаттығулары мен табиғатта болу пайдалы.

Арыстан

Көшбасшылықта жарқырайсыз. Қызмет көрсету, жобаны өзіңіз бастауға жарайды. Сахнада, адамдардың алдында өзін көрсету мүмкіндігі — презентация, сөйлеу. Құнды, маңызды заттарға инвестиция жасамай, уақытша азырақ тәуекел жасаған дұрыс. Мақтаншақтыққа әуестік кейде қарым-қатынастарға зиян келтіруі мүмкін. Романтика күшейеді, сіз көркем, үлкен эмоционалдық байланыс іздейсіз. Денсаулықта қан айналысына, жүрекке назар салып, сол бағыттағы спортпен айналысу керек.

Бикеш

Ұқыптылық пен жүйелілік қажет. Қателерді алдын-ала тексеріп, қайта қараған жөн. Кірістер мен шығынды тізімдеп, бақылауда ұстаңыз. Ұсақ бизнес, интернет дүкен немесе желі арқылы табыс табу мүмкіндігі артады. Қарым-қатынаста кішігірім әңгімелердің маңызы зор. Көбірек тыңдаған дұрыс. Асқазан, ішек жүйесіне көңіл бөліп, дұрыс тамақтану режимін сақтаңыз.

Таразы

Әділдік пен коммуникация маңызды болады — келіссөздер сәтті болуы мүмкін. Көркем өнер, сән, дизайн саласында шабытыңыз ашылады.  Ортақ ақшаға қатысты істерде ашық бол — жасырын болмауы тиіс. Романтикалық балансты іздесең — серіктес пен ортақ жобалар пайдалы болмақ. Денсаулықта тепе-теңдікке мән беріңіз — йога, тыныс жаттығулары көмектеседі.

Сарышаян

Интенсивтілік күшейеді. Қиын, күрделі жобаларды қолға алуға мүмкіндік бар. Қаржылық тәуекелдерді мұқият өлшеп, үлкен сомаға тәуекел етпеген жөн. Трансформация кезеңі — бұрынғы әлсіз жақтарды күшейте аласыз. Тұйық сезімдер, жасырын түйсіктер маңызды болуы мүмкін — ашық болыңыз. Қайшылық, қызғаныш туындауы мүмкін — түсіністікпен шешу қажет. Денсаулықта жүйке, гормондарға назар — тыныш орта мен жеңіл жаттығу қажет.

Мерген

Жаңа білім, саяхат мүмкіндіктері ашылады — оны пайдаланып қалған жөн. Жеке еркіндікті басым қылып, жауапкершілікті ұмытпаңыз. Шетелмен байланыс, шетелге шығу мүмкіндіктері туындайды. Шығындар көбейуі мүмкін — бюджетке шектеу қойған жөн. Махаббатта ашықтық пен шыдам — әсіресе, ұзақ қарым-қатынаста шатасу болмауы тиіс.

Денсаулыққа мән беріңіз. Жоғары қозғалыс, спорт қажет.

Тауешкі

Тұрақты жүйе мен тәртіп маңызды — табыстың іргетасын қалайды. Кәсіби танымалдық берілуі мүмкін — марапат, көтеру.  Десе де сақ болыңыз. қатаңдық, жұмыста шамадан тыс жауапкершілік ауыр тиуі мүмкін.Жинақ пен инвестицияға назар аудар — тұрақты кіріс маңызды болады. Тәуелділік, сенім мәселелерін шешіңіз — қарым-қатынаста бұл апта сынақ болуы мүмкін. Денсаулыққа келер болсақ, бұлшықеттерге, арқаға күшейту жаттығулары пайдалы.

Суқұйғыш

Инновация мен технологияға бағытталған жобалар табысты болуы мүмкін. Ғылыми, зерттеу, техникалық салада жаңа бастамалар орын алады. Әдеттен тыс өзгерістер уақытша болуы мүмкін. Барлығын асықпай, байыппен шешкен жөн. Қаржы жағынан болашаққа инвестицияда — дұрыс зерттеп кіріскен жөн. Достық қырын арттыру мүмкіндігі — серіктестікке ұласуы ғажап емес. Жүйке мен тыныс жаттығуларына көңіл бөлу маңызды.

Балық

Интуицияңызға сеніңіз. Шығармашылық жобаларда шабыт келеді. Интуиция мен психология саласында даму мүмкіндігі артады. Тұрақтылыққа бағытталған іс — қаржы ағымдарын қадағалау қажет. Қарым-қатынаста сезімін білдіруден қашпаңыз. Аспансыз арманға тым сеніп, нақты іске көңіл бөлмеу жөн емес. Денсаулықта эмоциялық теңгерім қажет. Мысалы: су терапиясы, тыныш орта.