Алып көкөністер

0 7

Ұлыбританияда өткен дәстүрлі Күзгі көрмеде бір емес, жеті көкөніс әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Бағбандар әкелген өнімдердің үл­кендігі соншалық, кейбірін алаңға кран­ның көмегімен шығару қажет болған. Қазылар алқасы алып көкөністердің салмағын арнайы таразымен өлшеп, нәтижесінде ерекше көрсеткіштерді тіркеді. Атап айтсақ, 7,8 метрлік шалқан, 26,7 сантиметр болатын тәтті бұрыш және 8 килолық балдыркөк жұртшылықтың таңдайын қақтырды. Мұндай жетістік – жылдар бойғы еңбектің, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.