Мас күйде бағытқа шыққан автобус жүргізушісі қамаққа алынды

0 16

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының көшелерін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері күдік тудырған жолаушылар тасымалдайтын «ZHONG TONG» маркалы қоғамдық көлікті тоқтатты.

Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің 17-бағыттағы автобусты мас күйде басқарғаны анықталды. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша оның алкогольдік масаң күйде екені расталған.

Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды.  Соттың шешімімен жүршізуші он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.