Смартфондар адамдарды не үшін бақылайды?

0 22

Сарапшылар смартфондардағы кейбір функциялардың сізді жасырын түрде бақылап отыратынын және оларды қалай басқаруға болатынын түсіндірді. Қызығы, бұл функциялардың көбісінің зияны жоқ, қайта пайдасы көп.

«Kim Komando» мәліметінше, егер барлық мәселе қосымша геолокацияны қолданғанда экранда пайда болатын кішкентай «GPS» белгішесімен шектеледі деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Шын мәнінде, телефон сіздің орналасқан жеріңізді ұялы мұнаралар, Wi-Fi, Bluetooth және фондық пингтер арқылы да жинай алады. Смартфонның өзінде сіздің қай жерлерде болғаныңызды бақылап отыратын арнайы функциялар бар.

«iPhone»-тағы «Significant Locations». Бұл функция сіз жиі баратын орындардың толық журналын жүргізеді. Apple осы деректерді карталарды дәл бейімдеуге, жол уақыты туралы нақты кеңестер беруге, Siri ұсыныстарын жетілдіруге, сондай-ақ орналасқан жерге байланысты ескертулерді жақсартуға пайдаланады. Барлық ақпарат тек құрылғыда сақталады, шифрланады және үшінші тұлғаларға берілмейді.

«Android»тағы «Google Maps Timeline». «Google Maps Timeline Android» құрылғыларында шамамен осындай қызмет атқарады: ол сіздің қозғалысыңызды сақтап, маршруттарды көрсетеді, жол уақыты туралы кеңес береді, жеке ұсыныстар ұсынады және «Google» сервистерінің жұмысын жетілдіру үшін қозғалыс әдеттеріңізді талдайды. Бұл деректер сіздің «Google» аккаунтыңызға байланыстырылады.

Қосымшалардың рұқсаттары. Бұл — бөлек технология. Сіз олар арқылы нақты қандай кезде бағдарламалардың орналасқан жеріңізді көре алатынын бақылай аласыз. Мұндай тәсіл батарея қуатын үнемдейді әрі құпиялылықты күшейтеді. Егер «тек қолдану кезінде» деген опцияны таңдасаңыз, қосымша деректерге тек белсенді қолданылып жатқанда қол жеткізе алады.

Жалпы, бұл функциялар смартфонды ыңғайлы әрі пайдалы етеді. Бірақ қажет болған жағдайда, сіз оларды шектей отырып та негізгі артықшылықтарын сақтап қала аласыз.