Жұлдыз-жорамал: 15 — 21 қыркүйек аралығы
Тоқты
Жұлдыздар бұл апта Тоқты үшін қаржылық жағынан қолайлы кезең деп болжайды: табыс көзіне қатысты мүмкіндіктер пайда болуы мүмкін, сонымен қатар, мансаптағы өзгерістер – жаңа жұмыс немесе қосымша табыс көзіне талпыныс сәтті болуы ықтимал. Маңызды жоспарларды аяқтауға көңіл бөліңіз, жаңа ұсыныстар пайда болу мүмкін. Қаржылық пайдаға ұмтылыңыз – жаңа табыс немесе көмекке жол ашылады. Денсаулығыңызға баса назар аудару қажет, себебі, бұл аптада ұйқы бұзылыстары, мигрень немесе шаршау болу мүмкін.
Торпақ
Апта ішінде Торпаққа байланысты жағдайлар күрделі, бірақ, оларды дұрыс шешсеңіз үлкен пайда әкеледі. Қиын мәселелерді шешу — сізден дипломатиялық тәсілді талап етеді. Әлеуметтік байланыстар немесе достар да қызықты жаңалықтармен бөлісе алады. Әдеттен тыс жаңалықтар немесе қуанышты оқиғалар болуы мүмкін. Эмоцияға берілуге жол бермеңіз, өйткені, кейде сырттан әсер ету болуы ықтимал. Бірқатар сезімдік қиындықтар тууы мүмкін — сабыр сақтаңыз, айналаңыздағыларды түсініп, жан тыныштығын табуға назар аударыңыз.
Егіздер
Әлеуметтік қолдау күшейіп, мансапта танылу мүмкіндігі пайда болады. Коммуникация қабілетіңіз жоғары деңгейде, командалық жұмыс табысты болуы ықтимал. Басшыларымен және әріптестермен қарым-қатынас оң болады. Инвестициялар немесе жылжымайтын мүлік мәселелері сізді қызықтыруы мүмкін. Қаржылық тұрақтылық сізге маңызды қадамдарға жол ашады. Жаңа табыс көздерінің пайда болуы да ықтимал. Бұрынғы денсаулық мәселелерінен жеңілдік келеді — энергияңыз артып, фитнес жоспарларын іске асыруға мүмкіндігіңіз болады.
Шаян
Шығармашылық тұрғыдан жаңалықтар пайда болуы ықтимал. Мансапта кәсіби өсу, жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Қаржылық аспектілерде сақ болу қажет — шығындар мен табыс арасында теңдік сақталуы тиіс. Ірі шешімдерге асығыстық білдірмеу маңызды. Денсаулыққа назар аудару керек. Жалпы көңіл-күй мен физикалық жай-күйіңізге әсер етуі мүмкін жағдайлар бар. Демалу мен релаксация маңызды болмақ.
Арыстан
Аптаның басында шығармашылық және кәсіби ұсыныстар пайда болуы мүмкін. Болашаққа жоспар жасау мен маңызды шешім қабылдау үшін апта ортасы қолайлы кезең. Қателіктерден қашу үшін асығыстық пен сезімталдыққа берілмеген жөн. Аптада қаржылық жағдай тұрақты әрі перспективалы көрінеді. Алайда, сатып алу немесе инвестицияға қатысты асығу — сақтықты талап етеді. Энергетика жоғары, бірақ, өзіңізді шамадан тыс жүктемесеңіз екен. Алғашқы күндерде белсенділік артса да, кішігірім жарақат немесе шаршау пайда болуы ықтимал.
Бикеш
Бұл аптада сіздің ұйымшылдық қабілетіңіз ерекше көзге түседі. Жаңа жобалар мен бастамаларға батыл қадам жасасаңыз – нәтижесі жақсы болады. Қаржылық жағынан тұрақты кезең. Бірақ, бюджетке бақылау жасауды ұмытпаңыз. Апта соңында ақшаны жеке дамуға, оқу немесе құрал-жабдық алуға жұмсау орынды. Апта бойы өзіңізді жақсы сезінесіз, бірақ, артық жұмыс пен күйзеліс денсаулыққа әсер етуі мүмкін. Спорт, таза ауадағы серуен және уақытында тынығу сіздің энергияңызды қалпына келтіреді.
Таразы
Жұмыста жаңа мүмкіндік, өсім, және жауапкершілік – бәрі алда тұр. Сонымен қатар, сыртқы әсерлер сізге романтика мен өсу алаңын ашады. Қаржылық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты, бірақ, бюджетке ерекше назар аудару керек. Апта бойы денсаулық тұрақты болады, бірақ, жұмыс пен жеке өмір арасында тепе‑теңдікті сақтау қажет. Стресс пен шамадан тыс жүктеме шаршау тудыруы мүмкін, сондықтан демалыс пен физикалық белсенділікке уақыт бөліңіз.
Сарышаян
Бұл аптада жұмыста не мансапта тұрақты даму байқалады. Алайда, сізге бұрыннан келе жатқан міндеттемелер мен жауапкершіліктерге жаңа көзқараспен қарау ұсынылады. Қаржы жағынан апта салыстырмалы түрде тұрақты, бірақ, күтпеген шығындар орын алуы ықтимал, әсіресе, үй немесе отбасы мәселелеріне байланысты. Энергияңыз төмендеуі мүмкін, әсіресе, эмоционалды шаршау мен күйзеліс байқалады. Ұйқы мен тамақтану тәртібін бұзбауға тырысыңыз.
Мерген
Апта күндері әлеуметтік қарым‑қатынастар күшейіп, жаңа таныстықтар мен достықтар пайда болуы ықтимал. Отбасы мен үй жайлы мәселелерде тыныштық пен қолдау табатын уақыт. Қаржылық шешімдерге асықпаңыз — алдын ала ойласуда пайда бар. Апта қорытындысында рухани ойға шомуға, өткенді түсініп, мақсаттарыңызды қайта қарауға жағдай келіп тұр. Бұл кезең сізге ішкі тепе-теңдік пен келешекке бағыт алуға серпін береді. Рухани және физикалық тынығуға — медитация, йога, тыныш уақыт өткізуге көңіл бөліңіз.
Тауешкі
Бұл апта сіз үшін тұрақтылық пен сақтықты үйлестіру кезеңі болып келеді. Апта басында мансапта танымалдық пен сый-құрметке ие болуға жағдай жасалады. Жұмыс, пікірлесу және қоғамдағы мүмкіндіктер сізге сәтті ашылады. Инвестиция немесе бизнес бастамаларына қолайлы кезең. Табысқа жол ашылуы мүмкін. Апта басында энергия жоғары болса да, аптаның ортасына қарай шаршау байқалады. Жоспарланған демалыс пен отбасымен уақыт өткізу физикалық жағдайыңызды жақсартады.
Суқұйғыш
Апта бойы сіздің шығармашылық және инновациялық идеяларыңыз жоғары бағаланады. Жаңа жобалар мен ұжымдық жұмыс табыс әкеледі. Қаржылық тұрғыда бұл апта тұрақты және болжамды. Үлкен шығындардан аулақ болып, күтпеген жағдайларға дайын болыңыз. Апта соңы қаржыны қайта қарау және болашаққа жоспар құруға қолайлы кезең. Ұйқы мен дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз. Денсаулықты нығайту үшін спортпен шұғылдану және таза ауада серуендеу пайдалы.
Балықтар
Апта шығармашылық пен интуицияға толы болады. Әріптестермен қарым-қатынасқа көңіл бөліп, ұжымдағы мәселелерді түсіністікпен шешу маңызды. Қаржылық жағдай тұрақты, бірақ, күтпеген шығындар болуы ықтимал. Артық шығыннан сақтаныңыз және бюджетті мұқият қадағалаңыз. Эмоционалдық күйзелістер болуы ықтимал. Стрессті басқаруға көңіл бөліңіз. Демалыс пен тыныштыққа уақыт бөлу маңызды. Отбасы мен жақындармен қарым-қатынаста үйлесімділік орнайды. Бірлескен істер мен жоспарлар жақсы нәтиже береді.