Құбыр арқылы хат алмасқан

0 4

«Пневматикалық» пошта дегенді естуі­ңіз бар ма?

Хаттар шағын капсулаға салынып, арнайы жерасты құбырлары арқылы қысылған ауаның күшімен екінші нүктеге зулап жететін. Қаладағы пошта бекеттері бір-бірімен осылай байланысып, жылдам хат-хабар алмасып отырған. XIX ғасырдың ортасынан бастап, Еуропа мен Америкадағы ірі қалалар осы тәсілді кеңінен қолданды.

Алайда, жаңа технологиялар дамыған са­йын «пневмопоштаның» дәурені де аяқталды. Соңғы жұмыс істеген жүйе Чехия астанасы Прагада болды. Алайда, 2002 жылғы су тасқынынан кейін мұндағы қызмет те біржола тоқтады.