Тіс күтіміндегі жаңалық

0 3

«King’s College London» ғалым­дары тіс күтімінде үлкен жаңа­лық ашты. Олар шаш, тері мен жүнде кездесетін «кератин» ақуызы тіс эмалін табиғи түрде қал­пына келтіре алатынын дәлелдеді.

Бұған дейін эмальді қорғауға «фтор» қолданылып келсе, жаңа зерттеу «кера­тиннің» одан да тиімді екенін көрсетті. Бұл технологияны болашақта күнделікті тіс пастасының құрамына қосуға болады. Ал, күрделі жағ­дайларда дәрігерлер оны арнайы гель түрінде қолданады. Зерттеушілер алғаш­қы өнімді қой жүні­нен алынған «кера­тин» арқылы жасап көрді. Бұл әдіс эко­ло­гияға да пайдалы, яғни қалдықты тиімді пай­да­лануға мүмкін­дік береді әрі фермерлер үшін қосымша ­табыс көзі болмақ. «Кера­тин»  тісті қорғап қана қоймай, табиғи эмальді қайта қалпына келтіреді.