Екі Күн

0 10

Қытайдың Ганьсу провинциясында кішкентай Күн секілді көрінетін алғашқы екі мұнаралы электр стансасы іске қосылды. Бұл – әлемде жұп мұнарамен салынған тұңғыш нысан.

30 мың айна Күн сәулесін 200 метрлік мұнаралардың ұшар басына бағыттап, шоғырландырады. Жарық балқытқан тұз ерітіндісі жылуды бу турбиналарына жеткізеді. Күндіз жиналған жылу қоры түнде де турбиналардың жұмысын қамтамасыз етіп, стансаның тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл нысан 80 мың үйді энергиямен қамти алады. Жылдық өндіріс көлемі 1,8 миллиард киловатт-сағаттан асады.