Апаттан аман қалған жер

0 2

2012 жылы Жердің апаттан аман қалғанын білесіз бе? 23 шілдеде Күн жүйесінде аса қуатты жарқыл болып, короналық масса ғарышқа атқылаған.

Бұл құбылыс тарихтағы ең ірі геомагниттік дауыл – 1859 жылғы Кэррингтон оқиғасына пара-пар еді. Ол кезде телеграф жүйелері күйреп, полярлық шұғыла экваторға дейін жеткен. Ал, 2012 жылғы жарқыл, мамандардың айтуынша, одан 2,5 есе күштірек болған. Бақытымызға қарай, ол Жерді жанай өтіп, тек Күнді бақылайтын спутниктерге тиген. Егер тура соққан жағдайда, бүкіл әлемде жарық сөніп, байланыс үзілер еді.