Ең жылдам скутер

0 8

Британдық «Bo» компаниясы әлемдегі ең жыл­дам электрскутерді та­ныс­­­­­­­тырды. Ол сағатына 160 ша­­­қы­­­рым жылдамдықпен жүйт­ки алады.

Құрылғының авторлары тамыз айында өтетін «Bonneville Speed Week» іс-шарасына қа­тысып, Гиннестің рекордын жаңартуды жос­пар­лап отыр. Компанияның бас директоры Оскар Морганның айтуынша, адамдардың микромобильге қызығушылығын арттыру үшін әсер­лі әрі мәнді дүниелер жасау керек. Осындай құрыл­ғылар арқылы көліктің экологиялық және икемді баламаларына деген сенім арта түседі.