Жұлдыз жорамал: 28 шілде — 3 тамыз аралығы

0 22

Тоқты

Бұл апта сізге серпін мен күш береді. Белсенді, іскерлік кездесу, жаңа жобалар мен шешім қабылдау үшін өте тиімді кезең. Жаңа танысу немесе ескі сезімді жаңғырту мүмкіндігі туады. Жалғыз жандар үшін романтикалық кездесу болмақ. Кенеттен қосымша табыс көзі пайда болуы мүмкін. Қарыздан аулақ болған жөн. Спортқа ден қойыңыз, бірақ ағзаны шамадан тыс жүктемеңіз. Батыл қадамнан қорықпаңыз — дәл осы апта сізге жаңа есік ашады.

Торпақ

Ішкі тұрақтылық пен сабыр сақтауға тиіс апта. Жүйке жүйеңізді сақтау — басты міндет. Қарым-қатынаста түсіністік пен қамқорлық артады. Бірақ, кішкентай реніштерге мән бермеңіз. Ақшаға қатысты сақ болыңыз. Жоспарланбаған шығындар болуы мүмкін. Арқа, буын аумақтарына көңіл бөліңіз. Жеңіл дене жаттығулары пайдалы. Өзіңізге және жақындарыңызға мейірім көрсетіңіз. Қарапайым сәттерден қуаныш табыңыз.

Егіздер

Коммуникация, сөйлесу, келіссөздер жағынан табысты апта. Ақпаратпен жұмыс істеуге қолайлы. Қызықты таныстық, флирт болуы мүмкін. Жұптары барлар үшін — терең әңгіме уақыты. Бірнеше жобадан бірден табыс көресіз. Ақпараттық технологиямен байланысты табыс көзі пайда болуы мүмкін. Бастың ауруы, көру мүшелеріне назар аударыңыз. Артық сөйлеп қоймаңыз. Әр сөзге жауапты болыңыз.

Шаян

Үй, отбасы, жақындармен байланыс өзекті. Эмоцияңыз жиі тербелуі мүмкін. Жақындарыңызға қолдау көрсетіңіз. Жан дүниеңізге жақын адаммен шынайы сөйлесу керек. Үй-жайға байланысты шығындар көбеюі мүмкін. Бірақ, материалдық жағынан қауіп жоқ. Жүйке жүйесі мен асқазанға көңіл бөліңіз. Үй — бұл сіздің ішкі әлеміңіздің айнасы. Ондағы тыныштық – бәрінен қымбат.

Арыстан

Жұлдыздар сізге жарқырауға мүмкіндік береді! Назарда боласыз. Романтика, сыйлықтар мен қымбат сәттерге толы кезең. Күтпеген кездесулер орын алуы мүмкін. Үлкен шығындар – сән-салтанат немесе саяхат үшін. Бірақ, табыс та мол. Энергияңыз көп, десе де демалысты ұмытпаңыз. Өзгелердің назарын өзіңізге бұра аласыз – бұл мүмкіндікті дұрыс пайдаланыңыз.

Бикеш

Жүйелілік пен тәртіп сіздің басты артықшылығыңыз болады. Апта бойы іскерлікке ден қойыңыз. Сабырлы, тұрақты қарым-қатынас орнайды. Қолдау көрсету – басты рөлде. Құжаттармен жұмыс, есеп, жоспарлау жағынан сәттілік күтеді. Асқазан мен тамақтануға назар аударыңыз. Рационды дұрыстаңыз. Ұсақ-түйекті елемей, басты мақсатыңызды естен шығармаңыз.

Таразы

Қарым-қатынастар мен серіктестік маңызды болады. Теңдік пен әділеттілікке ұмтыласыз. Жаңа танысу, романтикалық кезең немесе бұрынғы адаммен қайта байланысу ықтимал. Бірлескен жоба, ортақ табыс көзінен пайда көруіңіз ықтимал. Жүйке кернеуі байқалуы мүмкін. Йога мен тыныс жаттығулары көмектеседі. Жағдайды сырт көзбен бағалаңыз. Сырттай бақылау көп нәрсені ашады.

Сарышаян  

Құпия, ішкі сезімдер мен терең ойлар апта бойы мазалауы мүмкін. Өз-өзіңізді тыңдаңыз. Ескі сезімдер қайта оянуы мүмкін. Жақын жанмен шынайы сөйлесу маңызды. Жасырын табыс көзі немесе күтпеген ақша пайдасы болуы ықтимал. Энергия төмендеуі мүмкін. Демалыс пен ұйқыға мән беріңіз. Шешім қабылдамас бұрын ішкі түйсігіңізге сеніңіз.

Мерген

Саяхат, жаңа білім, шығармашылық – осы аптада белсенділік қажет. Сыртқа шығу, ортақ қызығушылық адаммен байланысуға себеп болмақ. Кішігірім табыс, жаңа бағытқа инвестиция салу мүмкіндігі болады. Иммунитетті қолдау керек. Су мен витаминдерге мән беріңіз. Үйренуден, көру мен саяхаттан қорықпаңыз — даму сол жақта.

Тауешкі

Жауапкершілік пен тәртіп жоғары болады. Мансап пен мақсат алдыңғы қатарда. Жұмыстан қол босатпай жүргендер үшін жұпта салқындық пайда болуы мүмкін – араға жылулық қосыңыз. Жақсы келісім-шарт, тұрақты табыс бар. Омыртқа, бел тұсына салмақ түспеуін қадағалаңыз. Қатты жұмыстың арасында тынығуға да уақыт табыңыз. Барлығын бір өзіңізге жүктемеңіз.

Суқұйғыш

Шығармашылық, идея мен жаңалықтарға толы апта. Достарыңызбен араласуға қолайлы. Ерекше, шекарадан тыс көзқарас сізді қызықтырады. Еркіндік пен сенім маңызды. Интернет, технология, стартап саласынан табыс табуға мүмкіндік бар. Ұйқы мен жүйке жүйесіне назар аударыңыз. Қалыпты үлгілерден шығып, өз жолыңызды таңданыз.

Балықтар

Қаражат жағы қыспаққа алып, күш-қуатыңыз соны қалыпқа келтіруге жұмсалады. Дегенмен, түйткілдің төркіні сізде емес! Сағыңыз сынбасын, дегенмен өзгелердің табысын санаудан аулақ болыңыз. Жұмыста бар ынта-жігеріңізді іске қосып, әріптестеріңіздің арасында беделіңізді өсіре түсіңіз. Бұлай істеу оңай болмаса да басшылық жүктеген әр тапсырманы тиянақты етіп орындаңыз. Бикештер қатарының алды болғанды ұнатады.