Уақытты дәл өлшейтін аспап

0 5

АҚШ-тағы «NIST» ғалымдары әлем­дегі ең дәл атомдық сағатты жасады.

Сағат уақытты 19-таңбаға дейін өлшей алады. Бұл бұрынғы рекордтан 40 пайызға дәл. Сағаттың негізінде алюминий ионы жатыр, ол өте тұрақты, бірақ оны тікелей өлшеу қиын. Сондықтан ға­лым­дар магний ионын қосып, оны суытып, тер­бе­лісін тіркейтін әдіс тапқан. Лазер жарығы 3,6 км оптикалық талшық арқылы басқа зертханадан келеді. Бұл жаңалық уақытты өлшеу дәлдігін арттырып, жаңа физикалық заңдылықтарды ашуға мүмкіндік береді.