Бапкері – бейнетаспа

0 4

Расымен, «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда». Бұған дәлел – кениялық спортшы Джулиус Йего. Ол найза лақтыруды «Youtube»-тағы бейнетаспалар арқылы үйреніп, Олимпиада жүлдегері атанған.

Йего бұл спорт түрін өз бетінше меңгеріп, чемпиондардың шеберлігін жіті бақылап, олардың техникасын қайталау арқылы әбден машықтанған. 2015 жылы ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанса, 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.