Ананастың адам денсаулығына пайдасы
Ананас — әлемдегі ең пайдалы жемістердің бірі. Оның шырынының адам денсаулығына пайдасы мол. Бүгін біз сіздерге бұл тропикалық жемістің пайдасы туралы айтып береміз.
- Иммунитетіңізді көтереді. Ананас шырынының құрамында дәрумендер мен органикалық қышқылдар көп. Олар ағзаның әлсіреуінен және түрлі аурулардан құтқарады.
- Көздің көруін жақсартады. Құрамында бета-каротин мен «А» дәрумені бар тағамдардың көзге пайдасы көп екені бәріңізге мәлім. Тіпті, қартайғанда да көру қабілетіңіз бұзылмайды.
- Қызыл иек пен тісіңізді қатайтады. Сонымен қатар, ананаста қызыл иегіңіз бен тісіңізді қатайтатын «С» дәрумені бар. Ол пародонтоз ауруынан аман сақтайды.
- Буын ауруларына көмектеседі. Егер буындарыңыз ауырып жүрсе, ас мәзіріңізге ананасты қосыңыз. Өйткені, оның құрамында бромелайн ферменті бар.
- Жүрегіңізге де пайдалы. Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу үшін анда-санда болса да, ананас жеп тұрыңыз.
- Қан қысымын төмендетеді . Бұл жемісте калий бар. Ол гипертонияға қарсы күреседі.
- Сүйектеріңізді қатайтады. Ананас сіздің сүйектеріңізді қатайтады. Себебі, онда марганец пен кальций көптеп кездеседі. Бір стақан шырынының өзінде 73% марганец бар. Ол күнделікті мөлшерге жеткілікті.
- Ас қорыту жүйесін жақсартады. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі бірқалыпты жұмыс істеу үшін ананас шырынын ішіңіз.