Салқын сусын тіске зиян

0 4

Салқын, жаңа сығылған шырындардың, айс кофенің және басқа да танымал жазғы сусындардың тіске зияны бар. Бұл туралы стоматолог-ортопед, хирург Людмила Александровская айтты.

Дәрігер газдалған сусындарға қарағанда жаңа сығылған шырындар тіске қауіпті екенін айтты: өйткені, мұндай шырындарда тіс кіреукесінің қаттылығын 20 минут ішінде екі пайызға төмендететін қышқылдар бар, соның салдарынан тістегі сызаттар көбейеді. Маманның айтуынша, «винир» қойдырған адамдар шырынды жиі ішпегені жөн, өйткені жеміс қышқылдары бұған теріс әсер етеді.

Дәрігердің сөзінше, басқа да салқын сусындар тіске қауіпті, мысалы айс кофе, салқын шай, кокос суы.

«Зерттеу жұмыстары температураның күрт өзгеруі тіпті, жасанды тіске де әсер ететінін көрсеткен. Мысалы имплант сүйекке жалғасатын жерде сызаттар пайда болады. Сонымен қатар, 250 миллилитр сусынның құрамында бес шай қасық қант бар, бұл — ересек адам үшін тәуліктік норма. Глюкозаның артық болуы кариес және имплант айналасындағы терінің қабыну қаупін арттырады», — деді ол.