Салмақ тастағанда қай жемістерді жемеген жөн?

0 16

Диетолог Альваро «Торрес El Español» басылымына берген сұқбатында диета кезінде екі жемісті рационнан алып тастау керек екенін айтты.

Маманның сөзінше, диетадағы адамдар мүмкіндігінше банан жеуін шектеуі керек. Өйткені, оның құрамында қант пен калория көп, сондықтан салмақ тастауға кедергі келтіреді.

Сонымен қатар, диетологтың айтуынша, рационнан қауынды алып тастау керек.

«Әсіресе, түнде қауын жеуге болмайды. Ал, ағзаны антиоксиданттармен, талшықтармен, сумен, минералдармен және дәруменмен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қатерлі ісіктің бірнеше түрін, ас қорыту және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының даму қаупін азайту үшін басқа жемістерді күніне үш-бес дана жеуге болады», — деді ол.