Балмұздақ сатып аларда неге назар аудару керек?

0 3

Денені салқындатып, бойды сергітер балмұздақ дәмді ғана емес, сапалы болуы үшін неге назар аударған дұрыс? ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек екені жөнінде бірқатар кеңес берді.

Балмұздақ таңдағанда неге назар аударған жөн?

  • Жапсырма. Өнімнің атауын тексеріңіз. Өсімдік майы қосылған балмұздақты өндіруші «өсімдік-кілегейден жасалған балмұздақ» немесе «өсімдік майынан жасалған балмұздақ» деп белгілеуі керек.
  • Салмақ. Салмағы граммен көрсетілуі керек, өйткені миллилитр балмұздақтың нақты массасын көрсетпейді.
  • Сыртқы түрі. Сапалы балмұздақ біркелкі боялған болуы керек. «Ақ реңктер» майдың пайызына байланысты: ол неғұрлым жоғары болса, түсі соғұрлым «сары» болады.
  • Балмұздақ өзінің бастапқы пішінін сақтауы керек.
  • Әрқашан жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз, егер таңбалары жойылса немесе былғанған болса, сатып алудан бас тартқан дұрыс.