Қай уақытта ұйықтаған пайдалы?
Ұйқы гормоны кешкі сағат 21:00 шамасында белсенді түрде өндіріле бастайды және түн ортасына қарай шарықтау шегіне жетеді, сондықтан түнгі сағат 23.00-ге дейін ұйықтаған дұрыс. Бұл туралы невропатолог Владимир Мартынов айтты.
«Ұйқы гормоны мелатонин кешкі сағат 21:00 шамасында белсенді түрде өндіріле бастайды және түн ортасына таман шарықтау шегіне жетеді. Сондықтан түнгі сағат 23:00-ге дейін ұйықтаған дұрыс. Сағат 2 немесе 3-те ұйықтайтындар сегіз сағат ұйықтаса да, жиі шаршайды», — деді ол.
Сонымен қатар, Владимир Мартыновтың айтуынша, толық қалпына келу үшін ересек адамға жеті-тоғыз сағат ұйықтау керек.