Құқықтық тәртіпті күшейту шаралары талқыланды

0 17

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі төмен деңгейдегі №26 түзету мекемесінде кезекті аппараттық кеңес өтті. Оған мекеме басшысы әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев, орынбасары Әміржан Дәулетбаев және жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Кеңесте бірінші болып сөз сөйлеген мекеме басшысы Бақтияр Әлмаханұлы қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеді. Ол мекемеде құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеп жатқан азаматтар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытындағы іс-шараларды жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтті. Мекеме басшысы барлық кешенді жоспарлар толық әрі сапалы орындалуы тиіс екенін айтты.

Жасақ бастығы, әділет капитаны Руслан Балықбаев өз баяндамасында жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдеу жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, түзету мекемесінде әлеуметтік-құқықтық қолдау шаралары тұрақты жүргізіліп, сотталғандарды қоғамға қайта интеграциялау ісі жүйелі түрде қолға алынған.

Бұл жиын мекеме қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, құқық тәртібін қамтамасыз етуге және жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара ретінде ұйымдастырылды.