Облысымызда 78 канал автоматтандырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кем дегенде 3500 шақырым суару каналдарын цифрландыруды тапсырған болатын. Осыған орай, Су ресурстары және ирригация министрлігі бірқатар облыста каналдарды автоматтандыру жұмыстарын қолға алды.
Бұл өңірлердің қатарында біздің Жамбыл облысы да бар. Яғни, алдағы екі жылда облысымыздағы 78 канал автоматтандырылмақ. Қазіргі уақытта аталған министрлік осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр. Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарланып отыр. Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
«Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.