Колледждегі әскери-патриоттық кездесу
Меркі ауданындағы №9 Меркі колледжінде жастардың бойында патриоттық рух пен елге адал қызмет етуге деген ұмтылысты арттыру мақсатында мазмұнды әскери-патриоттық кездесу өтті.
Іс-шараға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Данияр Күздеубай, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы Еркебұлан Құдабаев, «Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ербол Шолпанқұлов және «Хазар» этномәдени бірлестігінің төрағасы Гусейн Джамалов қатысып, студент жастармен ашық сұқбат жүргізді. Қонақтар патриоттық тәрбие, әскери борышты өтеудің маңызы мен бейбіт елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сарбаздардың рөлі жөнінде жан-жақты пікірлерімен бөлісті. Спикерлер әскери қызметтің әр азамат үшін қасиетті парыз, ұлттық қауіпсіздіктің негізгі тірегі екенін екенін атап өтті. Сонымен қатар, әскер қатарына шақыру тәртібі мен заңнамалық негіздер түсіндіріліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап берілді.
Осындай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сезімін оятып, саналы да саламатты тұлға ретінде қалыптасуына оң әсер беретіні сөзсіз.