Шоқтығы биік тұлға

0 1

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановпен кездесті.

Кездесу барысында шоқтығы биік тұлғамен әдебиет және руханият төңірегінде әңгіме өрбіді. Аймақ басшысы Мұхтар Шахановтың қазақтың сөз өнерінде алар орны ерек, оның поэзиясы – елдің еңсесін тіктеп, рухын асқақтатқан мәңгілік мұра екенін айтты.

– Сіздің жалынды жырларыңыз әр қазақтың жүрегінде жатталып, сана түкпірінде сайрап тұр десек, қателеспейміз. Әулиеаталықтар да Шаханов мұраларына ерекше құрметпен қарайды, — деген Ербол Қарашөкеев, ақынның иығына шапан жауып, жамбылдықтардың атынан сый-құрмет көрсетті.

Бұдан әрі Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры сахналаған «Танакөз» мелодрамасын Мұхтар Шаханов жамбылдықтармен бірге тамашалады.