Роботтар жекпе-жегі
Қытайлық «Unitree» компаниясы алдағы уақытта екі гуманоид роботтың арасындағы алғашқы жекпе-жекті өткізетінін мәлімдеді. Кездесудің трансляциясы шамамен бір айдан кейін онлайн көрсетіледі.
Компания жариялаған жарнамалық бейнероликте роботтың адаммен, кейін екінші роботпен айқасқаны көрсетілген. Сарапшылар жекпе-жекке қатысуы мүмкін деп отырған модель – «G1». Ол – «Unitree»-дің флагмандық өнімі, бойы 1,32 метр, қимылы шапшаң әрі нақты. Робот «кунг-фу» техникасын меңгеріп, тіпті «сальто» жасауды да үйренген. Бұл – қозғалысты нақты басқаруға арналған «LAFAN1» технологиясының арқасы. Рингтегі айқастың нақты уақыты мен ережелері әзірге белгісіз. Дегенмен, бұл – роботтар әлемінде жаңа кезеңнің бастауы болмақ.