Аяқ жолын көруге көмектеседі
Шанхай Цзяотун университетінің ғалымдары көру қабілеті нашар адамдарға арналған ерекше құрылғы жасап шығарды.
Көзілдірікке орнатылған камера айналадағы заттарды түсіріп, жасанды интеллект арқылы өңдейді. Әр 250 миллисекунд сайын жүйе пайдаланушыға қайда жүру керектігін құлаққап арқылы айтып отырады. Құрылғының ішінде діріл арқылы ескерту жасайтын білезік пен саусаққа тағылатын «жасанды тері» бар.