Қырағы оқушы

0 1

АҚШ-тың Мичиган штатында 13 жастағы Диллон Ривз есімді оқушы мектеп автобусын апаттан құтқарып қалды.

Автобус жүргізушісі кенет есінен танып қалған сәтте, Диллон дереу орнынан тұрып, тежегішті басып үлгерген. Автобуста он шақты бала болған. Қызығы, ол балалардың арасындағы телефоны жоқ жалғыз оқушы екен. Сол себепті ай­налаға зер салып, қауіпті дер кезінде аң­ғарған. «Қолында телефоны жоқ бала адамдарға қарайды, айналадағы жағдайды бақылайды. Бұл – өмірді түсінуге көмектесетін, оны өзгертетін сабақ», дейді әкесі.