Ауруханалардың жұмысын арнайы комиссия тексеруде

0 5

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Меркі аудандық ауруханасында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен мекеменің материалдық-техникалық жабдықталмауына қатысты шағымданған. Осыған орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Жиынға Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес, Астанадан арнайы келген ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Айманов қатысты. Ол облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы комиссияны басқарады. Оның құрамында денсаулық сақтау басқармасы басшылығының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының, ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің өкілдері бар.

Комиссия барлық көрсетілген фактілер бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды әзірлейді. Кінәлі тұлғалар заң талаптарына сәйкес жауапқа тартылатын болады.

Ербол Қарашөкеев осы және өзге де келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін барлық аудандық ауруханаға тексеру жүргізуді, жергілікті жерлердегі жағдайды егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды. Жауаптыларға облыстың медициналық ұйымдарында қажетті дәрілік заттардың жеткілікті қорын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау нысандарының қызметіне бақылауды күшейту және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауды міндеттеді.