Қайта оралған бөлтірік

0 8

АҚШ-тың «Colossal Biosciences» биотехнологиялық компаниясы 12 мың жыл бұрын өмір сүрген қасқыр түрін қайта тірілтті.

Ғалымдар бірнеше музеймен бірлесіп, жойылып кеткен жыртқыштардың ДНҚ-сы сақталған үлгілерін іздестірген. Соның нәти­жесінде, Айдахо штатынан шамамен 72 мың жыл бұрынғы қасқырдың бас сүйегі, ал Огайодан 13 мың жылдық тіс табыл­ған. Содан соң зерттеушілер сұр қасқыр­дың жасушасын алып, оның геномына 20 түрлі өзгеріс енгізген. 65 күннен кейін алынған эмбриондардан үш бөлтірік дүние­ге келді. Оларға Ромул, Рем және Дейе­нерис деген ат қойылды. Жаңа туған бөлтіріктер кәдімгі қасқыр бөлтірігінен 25 пайыз­ға ірі.