Қайта оралған бөлтірік
АҚШ-тың «Colossal Biosciences» биотехнологиялық компаниясы 12 мың жыл бұрын өмір сүрген қасқыр түрін қайта тірілтті.
Ғалымдар бірнеше музеймен бірлесіп, жойылып кеткен жыртқыштардың ДНҚ-сы сақталған үлгілерін іздестірген. Соның нәтижесінде, Айдахо штатынан шамамен 72 мың жыл бұрынғы қасқырдың бас сүйегі, ал Огайодан 13 мың жылдық тіс табылған. Содан соң зерттеушілер сұр қасқырдың жасушасын алып, оның геномына 20 түрлі өзгеріс енгізген. 65 күннен кейін алынған эмбриондардан үш бөлтірік дүниеге келді. Оларға Ромул, Рем және Дейенерис деген ат қойылды. Жаңа туған бөлтіріктер кәдімгі қасқыр бөлтірігінен 25 пайызға ірі.