«TazaLike»: жеті мыңнан аса тал отырғызылады

0 1

«TazaLike» акциясы «Болашақты бірге отырғызамыз» ұранымен «Бәйтерек» (13) шағынауданындағы №3 мектеп-лицейінен бастау алды.

Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы іс-шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев оқушылармен бірге 150-ге жуық ағаш отырғызды.

Игілікті іс-шара «Ұлы дала» (15) шағынауданында да өтті. Оған облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым, құқық қорғау органдарының өкілдері, спортшылар мен жастар қатысып, 500 түп ағаш көшетін екті.

Бұл күні Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларының тұрғындары «Таза қала» акциясына бір кісідей жұмыла кірісті. Күл-қоқыстар шығарылып, арық-атыздар, каналдар тазаланды.

«TazaLike» 15 наурыздан 20 сәуірге дейін жалғасады. Оның аясында апта сайын барлық ауданда сенбіліктер ұйымдастырылады.  19, 20, 27 наурыз күндері «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу», «Жасыл қала», «Қалаға арналған ағаш» акциялары аясында өтетін барлық іс-шараларға демеушілер тартылып, облыс орталығы мен аудандарда 7 мыңнан аса тал отырғызылады деп күтілуде.