Жұлдыз жорамал 14-21 наурыз аралығы

0 5

Тоқты (20.03 — 19.04)

Тоқтылар үшін апта сәттілікке толы болмақ. Олар рухани және материалдық жағынан дамып, тіпті әлеуметтік мәртебесі көтеріліп, мансабы жоғарылайды. Барлығы өзіңіздің қалауыңызға байланысты. Бұл кезеңде ғарышты сізді жарқын ететіні сонша тоқтылар жаңа мүмкіндіктерді магнитше тартып, айналасындағы адамдардың назарында болады. Ұзақ уақыт күткен мүмкіндікті жіберіп алмас үшін мұқият болыңыз. Іштегі сенімсіздікті жойып, қарапайымдылықты шетке ысыра тұрғаныңыз дұрыс.

Торпақ (20.04 — 20.05)

Торпақтарды керемет көңіл-күй мен шығармашылық шабыт күтіп тұр. Сол шабыт сіздің ғажап туындылар жасауыңызға себеп болуы мүмкін. Не нәрсені қолға алсаңыз да, ісіңізден оның шабыт пен махаббатқа толы екені көрініп тұрады. Айта кететін жайт, аспаздық гедонизмді (күйтшілдік) күнделікті әдетке айналдыруыңыз мүмкін. Ескеріңіз, мұның соңы артық салмақ қосуға әкеп соғуы ғажап емес. Сол себепті таза ауада серуендеуді, күнделікті жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз.

Егіздер (21.05 — 20.06)

Егіздер үшін көп адаммен сөйлесіп, түрлі интеллектуалдық мәселелерді шешуге мүмкіндік туады. Нәтижесінде жақсы табысқа кенелесіз. Бұл аптада сіз әдеттегіден де белсенді бола түсесіз. Бірақ, өсек-аяңнан аулақ болғаныңыз жөн. Өйткені, мұның соңы жақсылыққа апармайды. Апта соңы іскерлік жұмыстарға немесе бәсекеге толы болмақ. Мұндайда тайсалмай, қиындыққа қарсы жүрсеңіз ғана жеңіске жетесіз.

Шаян (21.06 — 22.07)

Апта шаяндарға тың серпіліс береді. Әдетте үйден шықпайтын шаяндар бұл аптада белсенділігімен көзге түседі. Көкжиегіңізді кеңейтуге деген ұмтылыс сізді алысқа апарады. Сондай-ақ руханилыққа бет бұрасыз. Мысалы, қажылыққа аттануыңыз мүмкін. Тек апта соңында жұмысыңыз қарбаласқа толы болмақ.

Арыстан (23.07 — 22.08)

Арыстандардың бойын сабырсыздық билейді. Жұмысыңыздағы, кәсібіңіздегі, жалпы өміріңіздегі бір сарындылық сізді жалықтырғаны анық. Сіздің жаныңыз түрлі эмоцияны, шытырман оқиғаларды аңсайды. Апта ортасында қалауыңыз орындалады, күтіңіз. Мойныңыздағы қарыздарыңыздан құтылып, моральдық, физикалық және материалдық міндеттеріңізді орындап үлгеруге тырысыңыз. Себебі, апта соңында бұларға еш уақытыңыз болмайды.

Бикеш (23.08 — 22.09)

Жұлдыздар бикештерге жан дүниесіне, ішкі даусына құлақ асуға кеңес береді. Наурыз айының алғашқы жиырма күні қауырт жұмысқа толы болады. Салдарынан айналаңыздағы адамдармен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Сол себепті, арандатуға бой алдырмай, қандай жағдай болсын сабыр сақтауға тырысыңыз. Осылайша маңызды адамдармен жақсы қарым-қатынасыңызға сызат түсірмей, дос болып қалуға болады. Десе де дұрыс таңдау жасау үшін жан дүниеңізге үңілуді естен шығармаңыз.

Таразы (23.09 — 22.10)

Таразылар сыртқы мәселелерді шешпес бұрын, алдымен жан дүниесіндегі мазасыздықты басқаны дұрыс. Келер аптада жұмыстағы қиындықтарды, әріптестермен арадағы жанжалды және жақын адамдарға деген реніштерді ұмытып, өзіңізді танумен айналысасыз. Өйткені, сізді мазалаған барлық мәселенің түп тамыры өзіңізде екенін түсінесіз. Осыны қолға алсаңыз барлығы өз орнына келеді.

Сарышаян (23.10 — 21.11)

Бұл аптада сарышаяндардың демалып, күш жинап, қалпына келуге мүмкіндігі бар. Сарышаяндардың бар өмірі күреспен өтеді. Қоғаммен, әлеммен, түрлі жағдайлармен, тіпті өздерімен арпалысып жүріп, мұндай күресті қалыпты жағдай деп ойлайды. Иә, арпалыс сарышаяндардың табиғатына тән құбылыс. Бірақ, арасында үзіліс жасап, демалуды да естен шығармаған дұрыс.

Мерген (22.11 — 21.12)

Апта аяғы мергендер үшін қызыққа толы болмақ. Жаңа идеялар туып, асқақ армандарды ойға аласыз. Алайда алғашқы жиырма күндікте асығыстық танытудың қажеті жоқ. Өйткені, әзірге сіздің арман-мақсаттарыңыз шындықтан алыс. Оның қалыптасуына, нақтылануына уақыт керек. Сол себепті, әзірге уақытыңызды бос өткізбей, жақсылап демалыңыз. Күнделікті жұмысыңызға тынығып барып кіріскеніңіз өзіңізге де пайдалы.

Тауешкі (22.12 — 20.01)

Тауешкілердің көптен жасырған құпиясы әшкереленеді. Оның жария болғаны жақсылыққа бастай ма, әлде сізге кері әсер ете ме, ол тауешкінің жасырған құпиясына байланысты. Бұл құпия тың идеялар мен жаңа ойлар болуы да бек мүмкін. Бірақ, өтініштер, бұйрықтар, шағымдар, тапсырмалар көбейіп, жұмыстың астында қаласыз. Жеке өміріңіз де қарбаласқа толы болмақ. Мұндай жағдайда достарыңыздың қолдауы маңызды.

Суқұйғыш (21.01 — 18.02)

Бұл аптаны суқұйғыштар өз өмірін ретке келтіруге арнамақ. Көбі суқұйғыштарды бос сөйлеп, ақыл айтудан басқа түк бітірмейді деп ойлауы мүмкін. Бірақ, суқұйғыштар – әлемдегі барлық дүниені танып, білуге құштар жандар. Бұл жұлдыз белгілері ізденімпаз болғандықтан әркез бір нәрсені есептеп, ойлап тауып жатады. Түрлі дүниеге бас ауыртқан сайын сіз өзіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашасыз.

Балықтар (19.02 — 19.03)

Балықтар берешектерінен құтылып, түрлі мәселенің шешімін табады. Аптаның алғашқы жартысында балықтарды жаңа таныстықтар күтеді. Олармен бірігіп қызық әрі пайдалы жобалар жасауы да бек мүмкін. Сондай-ақ жұлдыздар балықтарға үйден жырақта демалып, күш жинауға кеңес береді.