Мемлекет басшысы Дариға Тілендиеваның отбасына көңіл айтты

0 3

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», делінген Ақорданың хабарламасында.