Арулар – өмірдің сәні, аналар – ғұмырдың мәні!
Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – өмірдің мәні, шаңырақтың шуағы, сұлулық пен ізгіліктің символысыздар.
Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа, жылулық пен мейірімге толы болсын! Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасы амандығы мен табыс тілейміз. Әрдайым жарқын күлкілеріңізбен айналаңызға шаттық сыйлай беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
«Әулиеата» газетінің редакциясы.