Қайраткер қария

0 13

Тараздық ақсақал 2000-ға жуық кітапты «Брайль» қарпінде басып шығарды.

Ербол Бегімовтің алғашқы мамандығы – заңгер. Алайда, тағдыр оны мүлде басқа бағытқа бұрды. Ол 30 жасында көру қабі­летінен айырылған. «Басында не істерімді білмей, біраз дағдардым. Бірақ, кейін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасына келіп, «Брайль» қарпін үйренуге мүмкіндік бар екенін білдім. Осылайша, оқуды бас­тап, кейін өзім де осы салада жұмыс істей бастадым», дейді ол.

Қазіргі таңда қария көзі көрмейтін жандарды оқыту ісімен де айналысады. Ол кітапхана жанынан «Брайлист», «Зағип және компьютер» атты екі үйірме ашып, онда арнайы курстар өткізеді.