Қызмет алушының құқығы қорғалды

0 1

Біздің Департамент тарапынан ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына сыртқы мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Мониторинг барысында Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан қызмет алушының «Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметін алу үшін «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы жолданған өтінішіне негізсіз бас тартылғандығы анықталды. Аталған бөлім тарапынан қызмет алушының өтінімі бойынша облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының тиісті эскиздік жобаларды міндетті түрде басқармамен келісу қажеттігі туралы хатына сілтеме жасалып, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған.

Осыған орай, Департамент тарапынан бөлімге қызмет алушының бұ­зылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде, «Е-лицензия» ақпараттық жүйесінің жаңа мүмкіндігі ар­қылы, яғни, қызмет алушы қайта өтінішпен жүгінбей, оған қызмет көрсетудің оң нәтижесі беріліп, бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.