Калькулятордан да жылдам бала

0 1

Үндістанның Махараштра штатынан шыққан 14 жастағы бала бір күнде алты рекорд орнатты.

Адамның қабілеті мен мүмкіндігі ға­ламат. Тек өз бойындағы сол бөлекше қасиетті түрлі жаттығу арқылы жетілдіре білу керек. Мәселен, Аарян Шукла 6 жасынан бастап математикаға қызыққан. Содан бастап ұдайы жаттығып, 8 жасында халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды. Күні кеше ол небәрі 30,9 секунд ішінде төрт таңбалы 100 санды дұрыс қосып, бес таңбалы 50 санды 18,71 секундта есептеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл – расымен таңғаларлық жағдай. Өйткені, мұндай жылдамдыққа калькулятордың өзі ілесе алмайды.