Айда жүретін көлік
Қытай инженерлері «Тансуо» атты Айда жүретін көлік құрастырып, оны алғашқы сынақтан өткізді.
Жер серігіне жөнелтуге дайындалған бұл көлік ғарышкерлер мен ғалымдарға Ай бетінде ұзақмерзімді зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Төрт дөңгелекті көлік ойлы-қырлы бедермен жүруге ыңғайлы етіп жасалған. Оған екі ғарышкер сыяды.
Бас конструктордың орынбасары Чжан Чунфэн бұл жобаны «ғарыш саласындағы маңызды жаңалық» деп бағалады. Сынақ арнайы полигонда өткен. Көлікті жетілдіру жұмысы әлі де жалғасып жатыр.