Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекке мұқтаж, табыстары кедейшілік деңгейінен төмен 1704 отбасының 8520 адамына атаулы әлеуметтік көмек және 985 отбасының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1875 баласына қосымша төлем тағайындалды.
Сонымен қатар, коммуналдық қызметтердің шығыстар бөлігін өтеу үшін аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалып төленеді. Тараз қаласы бойынша тұрғын үй көмегі 608 отбасына тағайындалып төленді.
Әлеуметтік көмек алушыларды масылдыққа үйретпеу үшін, өскелең ұрпақты еңбек етуге ынтасын көтеру мақсатында, үнемі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізіледі. Жәрмеңкеде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылады, атап айтқанда, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және тұрақты жұмыс орындары ұсынылады.