Мұхиттағы мәңгілік от
Үнді мұхитындағы Карабибо аралының маңында су бетінен кенеттен жалын көтеріліп, бірнеше секунд жанып, кейін ғайып болады. Бұл тылсым құбылыс арада сәл уақыт өткенде тағы да қайталанып отырады.
Ғалымдар мұның сырын әлі жете зерттей қойған жоқ. Бірақ, олар бұл құбылыс су астындағы метан газының жануымен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасаған.