Балық жауатын қала
Аспаннан балық жауған десе, сірә сенбессіз. Бірақ, бұл – табиғаттың тағы бір ғажабы. Гондурастың Йоро қаласында жыл сайын «балық жауыны» болады.
Бұл құбылыс мамыр мен маусым айларында орын алады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, найзағай ойнап, қатты жел соққаннан кейін аспаннан балықтар жауады. Ғалымдар мұны ауа ағысының күшті құйыны теңіздегі балықтарды көтеріп алып, жаңбырмен бірге құрлыққа әкелетін сирек құбылыс деп түсіндіреді. Бірақ, жергілікті тұрғындар бұны Құдайдың сыйы деп қабылдайды.