Балық жауатын қала

0 9

Аспаннан балық жауған десе, сірә сенбессіз. Бірақ, бұл – табиғаттың тағы бір ғажабы. Гондурастың Йоро қаласында жыл сайын «балық жауыны» болады.

Бұл құбылыс мамыр мен маусым айларында орын алады. Жергілікті тұр­ғындардың айтуынша, найзағай ойнап, қатты жел соққаннан кейін аспаннан балықтар жауа­ды. Ғалымдар мұны ауа ағысының күшті құйыны теңіздегі балықтарды көтеріп алып, жаңбырмен бірге құрлыққа әкелетін сирек құбылыс деп түсіндіреді. Бірақ, жергілікті тұрғындар бұны Құдайдың сыйы деп қабылдайды.